384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада грек-рим және еркін күрестен Азия чемпионаты өтеді

  • 399
  • UPD: 16:27, 03.07.2019
Елордада грек-рим және еркін күрестен Азия чемпионаты өтеді elorda.info

Ертең астаналық «Дәулет» спорт кешенінде кадеттер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Құрлықтық чемпионат Бірыңғай күрес әлемі ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жарыс 7 шілдеге дейін жалғасады.

14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Азияның күшті грек-рим балуандары мен еркін күресшілері, сондай-ақ қыздар ең жоғары сынақ үшін күресетін болады.

Чемпионатқа Азия құрлығының 19 елінен 300-ден астам спортшы қатысады. Аталған сайыста Қазақстанның намысын 30 жас спортшы қорғайды.

Жарыс күн сайын сағат 9.00-де басталады. Кіру тегін.

 

Хабар 24 телеарнасы