388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан 2019 жылғы Универсиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты

  • 578
  • UPD: 11:39, 04.07.2019
Қазақстан 2019 жылғы Универсиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты

4 шілдеге қараған күні түнде Италияның Неаполь қаласында Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты рәсім Сан-Паоло стадионында өтті.  Шоу-бағдарламада әлемдік және италиялық классика  мен заманауи тенденциялар сабақтасқан. Ашылу салтанатына 900-ге жуық адам қатысты.

Универсиада алауын жергілікті «Наполи» футбол клубының капитаны Лоренцо Инсинье жақты. Сондай-ақ ашылу салтанатында Андреа Бочелли ән шырқап, жиын соңы отшашуға ұласты.

Қазақстан атынан Универсиада ойындарына 94 спортшы аттанды. Бүгін, 4 шілде күні, біздің құрама спортшылары жарысты бастайды.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы