389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» велокомандасы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын таныстырды

  • 261
  • UPD: 12:59, 04.07.2019
«Астана» велокомандасы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын таныстырды

Жүз алтыншы рет ұйымдастырылатын айтулы жарыс 6 шілде күні Бельгияның Брюссель қаласында басталып, 28 шілдеде Парижде аяқталады.

Гранд-турда Қазақстандық команданың капитаны Якоб Фульсанг болады. Даниялық велошабандозға Алексей Луценко, Горка Исагирре, Пельо Бильбао, Магнус Корт, Луис Леон Санчес, Омар Фраиле және Уго Уль көмектеседі. Брюссель шаһары бұған дейін бір рет Франция көпкүндігін қабылдаған. Жалпы «Тур де Франс» Бельгия жеріне бесінші мәрте келіп отыр. Биылғы бәсекенің Брюссельден басталуы тегін емес. 50 жыл бұрын атақты Бельгиялық велоспортшы Эдди Меркс «Тур де Франста» алғаш рет топ жарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы