384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бекзат Саттархановтың әкесі ұлына «Халық қаһарманы» атағын беру жайлы ұсыныс білдірді

  • 239
  • UPD: 23:55, 04.07.2019

«Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов туралы фильм түсірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туындыда спортшының жасындай жарқ еткен ғұмыры түгел көрініс тапқан. Басты рөлді Самат Әзімқұлов есімді жас актер сомдады. Елордада көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті. Осыған орай шаһарға чемпионның әкесі мен анасы келіп, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесті. Жүздесу барысында Сейілхан Саттарханов ұлына «Халық қаһарманы» атағын және оның есімін көше, спорт кешеніне беру туралы ұсынысын білдірді.

Сейілхан Саттарханов, Б.Саттархановтың әкесі:

– Бекзат туралы киноның шыққанына қуандық. Рас па, өтірік пе екен деп. Келген соң көрдік. Жаман емес. Жақсы. Толық 6 серия болып шыққан кезде екі қанатын жаяды. Сол кезде киноның қандай екенін айтуға болады. Ал қазір бәрі жақсы. Бізге ұнады.

Хабар 24 телеарнасы