384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таэквондошы жастарымыз Азия чемпионатына қатысады

  • 143
  • UPD: 23:53, 04.07.2019
Таэквондошы жастарымыз Азия чемпионатына қатысады

20 шілде күні Иордания астанасы Амманда таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталады.

Аталған сынға Қазақстан атынан 20 спортшы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz. Қазіргі сәтте жасөспірімдер құрамасы Нұр-Сұлтанда соңғы жаттығу жиындарын өткізуде. Команда бас бапкері – Дәуренбек Ризаев.

«Азия біріншілігінде барлық салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаймыз. Спортшыларымыз бабында. Бірнеше халықаралық турнирде команда мүшелері сәтті өнер көрсетуде. Сол себепті, жүлдеден үміттіміз. Бүгінде біздің жас таеквондошылар Азиядағы үздік бестік қатарына кіреді. Енді осы деңгейімізді тағы бір дәлелдеу керек», – дейді Ризаев.

Хабар 24 телеарнасы