384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі балуанымыз Азияның үздігі атанды

  • 485
Екі балуанымыз Азияның үздігі атанды

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан турнирде Саматбек Ізімғали мен Нұртас Қыдырбай грек-рим күресінен сынға түсіп, алтыннан алқа тақты, деп жазады Prosports.kz.

Ізімғали 45 келіге дейінгі салмақта, Қыдырбай 110 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. 

Сондай-ақ Ерасыл Дәулетбек күміске қол жеткізсе, Ерасыл Кенганов пен Ихсар Курбаев қола жүлдені жеңіп алды. 

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша, грек-рим күресінен ирандық балуандар еншісінде үш алтын бар. 

Хабар 24 телеарнасы