389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Жекпе-жек сарайының» таныстырылымы өтті

  • 441
  • UPD: 09:26, 05.07.2019
Елордада «Жекпе-жек сарайының» таныстырылымы өтті

Құрылысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба құны шамамен 19,5 млрд теңге. Бірегей ғимаратта жекпе-жектің барлық түрінен халықаралық жарыстар өтеді. Көп функционалды аренаның аумағы 32 мың шаршы метр, спорт зал 5 мың адамға шақталған. Кешен төрт қабаттан және бірнеше блоктан тұрады. Аренадағы әмбебап жаттығу залы, спорттық-сауықтыру бөлмесі мен жайлы қонақ үй қарастырылған. Сонымен қатар кешенде 25 метрлік жүзу бассейні, фитнес-орталық және шағын футбол алаңы да бар.

Айта кетейік, кешен халықаралық спорт федерациясының стандарттары мен талаптарына сай салынды.

Серік Жарасбаев, ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:

- Жекпе-жек сарайы әлі берілмей отырып, көптеген федерациядан тапсырыстар түсіп жатыр. Қазір біз тұрған паркетті Баскетбол федерациясы көріп, «осында біз баскетбол жарыстарын өткізейік» деп тапсырыс беріп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі мен Жекпе-жек ассоциациясымен бірлесіп, осында балалар*жасөспірім спорт мектептерін орналастырамыз. Неге десеңіз, заң бойынша балаларда спорт тегін.

Хабар 24 телеарнасы