389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Михаил Кукушкин «Уимблдон» турнирінің үшінші кезеңіне шықты

  • 522
  • UPD: 10:56, 05.07.2019
Михаил Кукушкин «Уимблдон» турнирінің үшінші кезеңіне шықты фото: Андрей Ударцев

Михаил Кукушкин «Уимблдон» турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 12-ші ракеткасы Америкалық Джон Изнерден басым түсті. Бес партияға созылған ойын 6:4, 6:7, 4:6, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Спортшылар кортта үш сағат сегіз минут ойнады. Кукушкин «Уимблдондағы» ең үздік нәтижесін қайталады. 2014 жылы ол осы турнирдің үшінші кезеңіне дейін жеткен еді. Қазақстандық теннисші енді неміс жігіті Ян-Леннард Штруффпен кездеседі. Әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надаль да жарысты жалғастырады. Испаниялық спортшы Австралиялық Ник Киргоистың осал тұсын тапты.

Италияда бүкіләлемдік Жазғы универсиада ойындары басталды

Италияның Неаполь қаласында бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың алғашқы күні спорттық гимнастикадан іріктеу сайыстары өтті. Қазақстандық Милад Карими мен Нариман Құрбанов бес бағдарлама бойынша финалдық кезеңге шықты. Бүгін сайысқа қыздар араласады.

 

Елордада күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды

«Дәулет» спорт кешенінде төселген боз кілемде құрлықтың 17 елінен жиналған 300-ден аса балуан төрт күн бойы кім мықтыны анықтайды. Жарыстың алғашқы күні грек-рим шеберлері белдесті. Қазақстан құрамасының балуандары бес медаль жеңіп алды. 45 келідегі Саматбек Ізімғали мен 110 келі салмақтағы Нұртаз Қыдырбай құрлық чемпионы атанса, Ерасыл Дәулетбек күміс медальды мойынына тақты. Қола Исхар Құрбаев пен Ерасыл Кенгановқа бұйырды. Азия біріншілігі қыркүйек айында елордада өтетін әлем чемпионатына дайындық жарысы саналады. Қазақстанның балуандары дүниежүзілік додада күрестің әр түрінен алтын алуды көздеп отыр.

Дәулет Тұрлыханов, Азия күрес кеңесінің президенті:

- Грек-рим, еркін, қыздар күресінен күресіп жүрген балуандарымыз әлем, Азия чемпионаттарынан жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрсе, ал әлем чемпионатынан алтын алмағанымызға 20 жыл болыпты. Енді сол 20 жылды бұзып, жүлдегерлер арасынан алтынға шықсақ деген осындай алдымызда жоспар бар. Жаттықтырушылар өз жоспарларын мақсаттарын біледі. Министрлік жағынан, Үлттық олимпиада комитеті, федерация жағынан барлық тиімді жағдайлар оқу-жаттығу жиындары, жарысқа қатысу бәрі өз жоспарымен жүріп жатыр.

 

Лэмпард «Челсидің» бас бапкері болып тағайындалды

Фрэнк Лэмпард «Челсиге» оралды. 41 жастағы ағылшын маманы Лондон командасының бас бапкері болып тағайындалды. Келісімшарт үш жылға жасалды. Өткен маусымда «Челси» Англия премьер-лигасында үшінші орын алып, Еуропа лигасында жеңіске жетті. Фрэнк Лэмпард бапкерлік жұмысты «Дерби» клубында бастап, жаттықтырушылық қызметте өзін жақсы қырынан көрсетті. Лэмпард 2001 жылдан 2014-ші жылға дейін «Челси» сапында доп теуіп, клуб тарихында ең үздік шабуылшы атанды.

 

Арьен Роббен футболдағы мансабын аяқтады

Голландиядық футболшы Арьен Роббен жасыл алаңдағы мансабына нүкте қойды. Соңғы он жылдан бері «Баварияның» жейдесін киген аладоп шебері Германияның сегіз дүркін чемпионы атанып, 2013 жылы чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Биыл Роббен Мюнхен командасынан кететінін мәлемдеген еді. Футболшы жасыл алаңдағы жолын аяқтап, Лэмпард секілді бапкерлік қызметке бет бұруы мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы