383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрестен кадеттер арасындағы чемпионатта балуандарымыз үш медаль ұтып алды

  • 158
  • UPD: 23:47, 05.07.2019
Күрестен кадеттер арасындағы чемпионатта балуандарымыз үш медаль ұтып алды

Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен 80 келі салмақта Мақсат Сайлау қырғызстандық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды. 65 келідегі Дінмұхаммед Қошқаров финалда ирандық Резе Хожатқа есе жіберіп, күміс еншіледі.  Өкінішке қарай, 71 келідегі Денис Пилипенко қола үшін өткен күресте өзбекстандық спортшыға есе жіберді. Қыздар арасында сынға түскен Алтын Шағаева финалда жапондық Мако Унодан ұтылып, күмісті қанағат тұтты.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы