386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

  • 428
  • UPD: 15:30, 06.07.2019
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды olympic.kz

Алматыда Ғұсман Қосанов атындағы дәстүрлі мемориал өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен 19-рет ұйымдастырылып ортырған жеңіл атлеттердің жарысына елімізден және алыс-жақын шет мемлекеттерден тәжірибелі спортшылар қатысады. Олардың арасында ресейлік Дарья Клишина секілді Еуропа чемпиондары да бар. Мемориалдың тағы бір ерекшелігі, биыл паралимпиадашылар бірінші рет жарыс жолына шығады. Сондай-ақ баспасөз мәслихатында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды. Қауымдастық басшылары тізгінді Ерлан Ибраимға сеніп тапсырды. Бұған дейін жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры қызметін атқарып келген маман Григорий Егоровты алмастырды. 

Ерлан Ибраим, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

– Маған сенім артқан қауымдастық басшыларына айтар алғысым зор. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік. Енді көпшілік сенімін ақтау үшін аянбай жұмыс істеймін. Қазақтың аты аңызға айналған Ғұсман Қосанов пен Әмин Тұяқов секілді желаяқтарын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Сондықтан ертеңгі басталатын мемориалдың біз үшін маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы