384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Универсиада-2019: Дзюдошы Ғ.Қырықбай ел қоржынына алғашқы «алтынды» салды

  • 218
  • UPD: 08:32, 07.07.2019
Универсиада-2019: Дзюдошы Ғ.Қырықбай ел қоржынына алғашқы «алтынды» салды

Неапольда өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан спортшылары алғашқы алтын жүлдесін иемденді.

Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанды деп хабарлайды Olympic.kz. Бірінші белдесуде Ғалымжан түркменстандық Ибрагим Союновты, екінші айналымда германиялық Бенжамин Боюзгарнды жеңді. Ширек финалда біздің спортшы өзбекстандық Давлат Бобоновты ұтса, жартылай финалда қырғыз балуаны Ерлан Шеровтан басым түсті.  Универсиаданың финалдық белдесуінде Ғалымжан Қырықбай франциялық Хадриен Ливольсиді жеңіп, алтыннан алқа тақты. Қола жүлде Өзбекстан және Нидерланд спортшыларының еншісінде. 

Айта кетелік, ел қоржынына универсиаданың алғашқы жүлдесін – қола медальді стенд атудан Сәрсенкүл Рысбекова салған болатын.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы