389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үстел теннисінен елорда күніне арналған турнир өтті

  • 276
  • UPD: 10:04, 07.07.2019
Үстел теннисінен елорда күніне арналған турнир өтті

Елімізде үстел теннисі қарқынды дамып келеді. Әсіресе әуесқой бағытымен айналысатындар саны 140 мыңнан асып жығылады.

Көрсеткішті одан сайын арттырып, спорттың насихатын күшейту мақсатында елордада мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жарыс ұйымдастырылды. Қала күні қарсаңында Есіл ауданына қарасты мекемелердің қызметкерлері өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар айналмалы жүйеде кездесулер өткізіп, жеңімпаздар жалпыкомандалық нәтиже бойынша анықталды. Алдағы уақытта осындай форматтағы жарыстарды дәстүрлі өткізу жоспарларып отыр.

Бауыржан Жұмақаев, жарысты ұйымдастырушы:

- Біздің бұқаралық спортты өткізу лирекциясы Астана қаласы бойынша жалғыз Есіл ауданында ғана емес, барлық 4 ауданда да осындай жарыстар өткізіп тұрады. Жарыстар бізде волейбол, футбол, ұлттық спорт түрлері балалар арасында эстафеталық жарыстар өткізіп тұрамыз. Мақсат – халықты көбірек бұқаралық спортқа тарту.

Хабар 24 телеарнасы