383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Арландар» балалар футбол клубы Брага кубогін жеңіп алды

  • 181
  • UPD: 11:39, 07.07.2019
«Арландар» балалар футбол клубы Брага кубогін жеңіп алды

Қазақстандық «Арландар» балалар футбол клубы Португалияның Брага қаласында өткен кубокта бірінші орынды иеленді. 

Халықаралық турнирге 48 елден 25 команда қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Португалияда BragaCup биыл бесінші рет 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтті. Балалар турниріне әлемнің түкпір-түкпірінен 8-15 жас аралығындағы 1800-ден астам жас спортшы қатысты.

7 күн бойы бақ сынаған сайыста жерлестеріміз оқ бойы озып шығып, осы халықаралық кубокті жеңіп алды.

Хабар 24 телеарнасы