384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия чемпионатында кадет балуандарымыз үш медаль жеңіп алды

  • 169
  • UPD: 12:17, 07.07.2019
Азия чемпионатында кадет балуандарымыз үш медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері жарысты бастады. 

Кілемге шыққан үш балуанымыз да жүлдесіз қалған жоқ. 65 келідегі Олжас Олжақанов пен 71 келідегі Нұрдәулет Қуанышбай біріншіліктің қола медалін иеленді. Ал 80 келідегі Бекзат Аманғали финалда сүрініп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Хабар 24 телеарнасы