384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси қола медальді алмай қойды

  • 266
Месси қола медальді алмай қойды

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2019 жылғы Америка кубогының қола медалін алудан бас тартты.

Әйгілі футболшы осылайша төрешілікке наразылығын білдірген, деп хабарлайды prosports.kz. 

Айта кетейік, Аргентина құрамасы үшінші орын үшін матчта Чилиді 2:1 есебімен жеңді. 37-минутта Месси мен Гари Медель қақтығысып қалды. Эквадорлық төреші ойланбастан екеуіне қызыл қағаз көрсетті. 

Хабар 24 телеарнасы