389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тур де Франс-2019»: бірінші кезең қазақстандық команда үшін сәтсіз аяқталды

  • 314
  • UPD: 14:37, 08.07.2019

Astana Pro Team капитаны Якоб Фульсанг мәреге 15 шақырым қалғанда құлап, жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан осы кезеңнің жеңімпазы голландиялық Майк Теунссеннен 1 минут 28 секундқа кешігіп келді.

Айта кетейік, Якоб Фульсанг биылғы маусымда «Критериум Дофине», «Андалусия Вуэльтасы» және «Льеж-Бастонь-Льеж» жарыстарында жеңіске жеткен болатын.

Александр Винакуров, Astana Pro Team велокомандасының бас менеджері:

– «Тур де Франстың» алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл жолы жолымыз болмады. Якобтың қабағы қатты жарылған. Дәрігерлер жарақатты тікті. Бірақ бұл оның дұрыс демалуына кедергі келтіреді. Дегенмен үміт үзбейміз. Жарысты жалғастыруына рұқсат етті. Басы қатты, аяғы жақсы болады деп сенеміз. Барлық қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтаймын.

Алексей Луценко, Astana Pro Team командасының мүшесі:

– Жауапты жарыс болғандықтан қобалжу болды. Оның үстіне капитанымыз жараланып қалды. Бірақ тез айығып, таулы жердегі кезеңдерде уақыт айырмашылығын қысқартады деп сенеміз. Ең құрығында бір кезеңде жеңіске жетуге ұмтыламыз. Капитанға жан-жақтан қолдау көрсетіп, жарыс соңында жеңіс тұғырына шығуына жағдай жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы