384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңісін ерте тойлаған желаяқ жеңіліп қалды

  • 387
  • UPD: 23:29, 08.07.2019
Жеңісін ерте тойлаған желаяқ жеңіліп қалды

Лозанна қаласында өтіп жатқан «Гауһар лиганың» бес мың метрге жүгіру жарысында эфиопиялық желаяқ Хагос Гебривет мәреге бір айналым қалғанда жеңісін тойлаймын деп ұтылып қалды.

Хагос Гебривет үшін орыны толмас өкінішті сәттің видеосы Twitter-дегі TyCSports аккаунтында жарияланды.

Соңғы айналымға шығардың алдында Гебривет көш басында келе жатқан. Алайда ол айналымдар санынан шатасып, мәреге жеттім деп ойлап, жеңісін тойлауды бастап кетті. Спортшы қатесін түсінемін дегенше болмады, артында келе жатқан өзге атлеттер Гебриветтен озып кетті. Соңғы айналымға жетпей-ақ бар күшін жұмсап үлгірген Гебривет мәре сызығынан оныншы болып өтті. Ал жеңісті оның отандасы Йомиф Кейелча жұлып әкетті.

Хабар 24 телеарнасы