Еліміздегі ең үздік ескек есушілер елордаға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұнда қазір осы спорттың академиялық түрі бойынша федерация кубогы сарапқа салынып жатыр. Бас-аяғы 66 спортшы енді 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Есіл өзеніндегі бәсекелер жасөспірімдер арасында бөлек, ересектер арасында бөлек өтеді. Кейін үздіктері алдағы халықаралық және құрлықтық додаларға қатысуға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, академиялық есу еліміздің 5 өңірінде ғана бір жолға қойылып, біртіндеп дамып келеді. Ал онымен айналысатындар саны 2 мыңға жуықтайды.
Мақсат Қадырбаев, №4 олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің басшысы:
– Академиялық есу олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, спортшыларымыз қарынды дайындық үстінде. Жақында ғана Өзбекстанда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Соның нәтижелері осы сайысымызда белгілі болады. Бұл жарысымыз қаладағы «Толқын» спорт мекебі су жағасында өтуде.