384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық ата-аналар баласын шетелге футболдан жарысқа жіберу үшін кредит алған

  • 210
  • UPD: 23:01, 09.07.2019

«Арыстан» футбол клубында тәлім алатын алматылық жас өрендер Испаниядан олжалы оралды.

21 елдің  командалары  қатысқан халықаралық турнирде топ жарған жерлестеріміз, қазақ ұлдарының да доп тебе алатынын күллі әлемге паш етті. Тақырыпты  тілшіміз Жандос Айтбайұлы тарқатады.

Өткен жылы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында талай мықтыларды састырған Алматының «Арыстаны» енді міне Барселонаға барып азуын айға біледі. Бейбіт Құлыбековтен тәлім алатын жас өрендер Германия мен Польша және Италия мен Испаниялық қарсыластарын қапыда қалдырып,  Каталониядағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Бейбіт Құлыбеков, «Арыстан» балалар клубының бапкері:

- Біздің командада талантты балалар өте көп. Арманымыз соларды үлкен футболға жеткізіп берсек. Сосын теле экраннан жарқырай түссе сол біздің еңбегіміз. СКЛ 00 23 08  Мен өте ризамын. Сөз жетпей тұр. Өзімнің балаларыма өте ризамын. Қазақстанның намысын жалауын көтеріп әнұранын айтқызып 2 рет. Соған өте қуаныштымын.

Бапкер дән риза. Риза болмай қайтсін? Жаттығу жасайтын жібі түзу алаңы болмаса да шәкірттері жанын салып жеңіс тұғырынан көрінсе. «Еуропалықтардың бізден асып тұрған ештеңесі жоқ. Бізге тек тәжірибе жетіспейді. Ал тәжірибе осындай жарыстар арқылы келеді» дейді бас жаттықтырушы. Жарыстарға шығу үшін қыруар қаржы керек. Ал оны кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейді.

Ербол Жақан, ата-ана:

- Испаниядан балаларымыз жүлде алып келді. Өте үлкен қуаныш бақыт әр ата-ана үшін, арман бала үшін. Бірақ өкінішке орай, көп ата-аналар несие алып банктерден үлкен қаражаттарға қиналып балаларын жіберіп жатыр.

2012 жылы құрылған «Арыстан» балалар футбол клубы аз уақыттың ішінде біршама табысқа жетті. Бірақ клубтың дайындық базасы жоқ. Әркімнің есігін сығалап көмек сұрайды. «Кейбір таланттар жағдайы болмаған соң осындай үлкен жарыстардан шет қалып қояды» дейді мамандар.

Елдар Жақан, футболшы:

-  Менің арманым сол үлкен футболшы болу. Месси, Роналду секілді басқа да елдерде ойнау. Негізі  сол Барселонада ойнағым келеді.

Жас өрендеріміз Барселонада ойнағысы келеді. Шетелдік ойыншыларға шашылған миллиондардың бір бөлігі осындай балаларды қолдауға бөлінсе, қазақ футболы да өзгелерден кем болмас еді.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы