383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тур де Франс»: мықтылар қатарында «Астананың» екі спортшысы бар

  • 161
  • UPD: 14:44, 10.07.2019
«Тур де Франс»: мықтылар қатарында «Астананың» екі спортшысы бар

«Астана» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы айналымда «ЧФР Клуж» командасын қабылдаған елордалықтар 1:0 есебімен басым түсті. Енді қарымта кездесу бір аптадан кейін Румынияда өтеді.

Чемпиондар лигасы: «Астана» – «ЧФР клуж» – 1:0

«Астана» ЧФР-ге қарсы алғашқы минуттарда сақ ойнады. Роман Григорчук шәкірттері қорғанысқа мән беріп, реті келсе шабуылға шығуды көздеді. Алайда Румыния командасы алаң иелеріне алғы шепте мүмкіндік бермеді. Қонақтар ойын тізгінін қолға алып, гол соғудың жолын іздеді. Бірақ ЧФР футболшылары есеп ашатын тамаша сәтті мүлт жіберді. Алғашқы таймды аңдысумен өткізген қарсыластар үзілістен кейін де аса белсенділік танытпады.

68-минутта «Астана» алға шықты. Бұрыштан көтерілген допты қорғаушы Евгений Постников қақпаға бұра салды.

Евгений Постников, «Астана» ФК қорғаушысы:

– Біз матч басында шабуылға шығуға тырысып көрдік. Ең бастысы, допқа иелік етіп, команда болып қорғандық. Екінші таймда ашылып ойнап, алғы шепте мүмкіндіктер пайда болды. Жалпы ойын барысына ризамыз, ең бастысы, жеңіске жеттік. Жанкүйерлерге рақмет. Олардың қолдауын сезіндік. 

«Астана-Аренаға» жиналған 18 мың көрерменнің қолдауынан күш алған алаң иелері 1:0 есебін матч соңына дейін сақтап қалды. Енді қарымта ойын 17 шілдеде Румынияда өтеді. Кездесуден кейін екі команданың бас бапкерлері ойын жайлы ойларын ортаға салды.

Роман Григорчук, «Астана» ФК бас бапкері:

– Біз соңғы минуттарда қарсыластарды қысымға алып, гол соғуға ұмтылдық. Есепті еселей түсуге тырыстық. Маған жігіттердің батыл ойнағаны ұнады. Бұл кездесудің басында асықпай сақ ойнадық. Тапсырма сондай еді. Допқа иелік етіп, қорғаныста сенімді қимылдау керек болды. Сондықтан жігіттер жоспарға сай дұрыс ойнап шықты.  

Дан Петреску, «ЧФР Клуж» ФК бас бапкері:

– «Астана» маусымды ерте бастады. Сондықтан олар бізге қарағанда жақсы дайындықпен келді. Енді қарымта матч бар. Біз басқаша ойын үлгісін көрсетеміз. Бәрі жақсы болады деген сенімдемін. «Астана» тәжірибелі команда, оларға қарсы тұру қиын. 

«Тур де Франс» көпкүндігі

«Тур де франс» көпкүндігі Франция жеріне келіп жетті. Бельгиядан бастау алған Гранд-турдың төртінші кезеңінде велоспортшылар 213 шақырымды артқа тастады. Әзірге жалпы есепте өзгеріс жоқ. Мықтылар қатарында «Астана» велокомандасының екі спортшысы бар.

Төртінші кезеңде италиялық Элиа Вивиани жеңіске жетті. Ол 213 шақырымды бес сағат 9 минут 20 секундта жүріп өтті. Норвегиялық Александер Кристофф мәреге екінші болып келсе, Австралиялық Калеб Юэн үздік үштікті түйіндеді. «Астана» капитаны Якоб Фульсанг пен Алексей Луценко жеңімпазбен бірдей уақыт көрсетті. Жалпы есепте француз Жулиан Алафилипп топ бастап келеді. Қазақстандық команда сапынан Луценко 23-орынға жайғасты.

Нето «Барселона» жейдесін киді

Бразилия құрамасының қақпашысы Нето «Барселона» жейдесін киді. Каталония командасы футболшыны «Валенсиядан» 26 млн еуроға сатып алды. Егер қақпашы жақсы ойынымен көзге түссе, «Барселона» қосымша тоғыз млн сыйақы төлейді. Келісімшарт 2023 жылға дейін жасалды.

Хабар 24 телеарнасы