384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ескек есуден федерация кубогы өтті

  • 147
  • UPD: 15:20, 11.07.2019
Елордада ескек есуден федерация кубогы өтті

Оған еліміздегі ең үздік деген 70-ке жуық спортшы жиналған болатын. Екі күнге созылған бәсекеде ересектер бөлек, жасөспірімдер бөлек сынға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде, Қарағанды, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларының өкілдері үздіктер қатарынан табылды.

Айта кетейік, бұндай ауқымдағы жарыс астанамызда алғаш рет өткізіліп тұр. Енді алдағы уақытта осы дәстүрлі өткізіп, жарыс ауқымы мен бадарламасын ұлғайту жоспарланып отыр.

Наталья Лобищева, академиялық ескек есуден аға жаттықтырушы:

- Бұл жарыс кәсіпқой спортшылар үшін халықаралық жарыстар алдындағы дайындық іспетті. Өзара тәжірибе алмасып, қарым-қабілеттерін байқайды. Енді ескек есу шеберлері Теміртауда өтетін ел чемпионатына қатысады. Одан кейін құрлықтық және әлемдік додалар күтіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы