384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Денистің достары» думанды кешіне дайындық жүріп жатыр

  • 147
  • UPD: 22:33, 11.07.2019

Алматы төрінде өмірден ерте өзған мәнерлеп сырғанаушысы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне арналған думанды кешке дайындық жүріп жатыр.

Жиырмасыншы шілдеде «Алматы Арена» мұз айдынында Дениспен бірге талай халықаралық жарыстарда өнер көрсеткен достары өнер көрсетеді. 

«Денистің достары» атты бұл жолғы кеш ерекше болмақ. Мәнерлеп сырғанаудан әлемге танылған спорт жұлдыздары өнер көрсетіп, Денисті  еске алады. Осы бір әсерлі, әдемі спорт түрінің шеберлері орындайтын сегіз бағдарлама марқұмның музыкалық композициясымен әрленбек. Бұл Денистің орындалмай кеткен армандарының бірі.

Ренат Ғайсин, композитор:

- Қолымыздан келетіні әрине ол бір қосылып, бәріміз топ болып, достары болып, сол шоуды жасау. Халқымызға паш ету. Менің ниетім сол шоу музыкамен ерекше болсын, өйткені ол шоуда көрермен Денистің шықпаған әндері де болады.

Шарада Денистің жарқын бейнесі мен үздік бағдарламаларынан үзінді көрсетіледі. Бір кезде онымен бірге әлемдік жарыстарда  өнер көрсеткен ресейлік жұп Игорь Ерёменко мен София Шевченко Сочи олимпиадасында Денис Тенге қол жүлде сыйлаған қойылымды орындайды.

Елена Родионова, жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан екі дүркін әлем чемпионы:

- Мен бұл кеште 2014 жылы Денис өнер көрсеткен музыканың сүйемелдеуімен сырғанаймын. Ол «Mi Mancherai» деп аталған композицияға керемет билеген болатын. Бұл өте бір жүректі елжірететін туынды маған да қатты ұнайды. Барлықтарыңызды 20 шілде күні болатын кешке шақырамын. Денис біздің есімізде мәңгі сақталады.

Денис Тен өте дарынды, әр қырлы болды. Мұз айдынында қалықтап, керемет өнер көрсетіп ғана қоймай, ән шығарумен айналысып, өзі орындап, киносценарий де жазды. Сондықтан осы кештің шымылдығы оның авторлық әнімен ашылады. Жарыққа шығарып үлгермеген бірнеше туындысы орындалады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Дана Нуржанова, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы