384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арман Әшімов титулды жекпе-жек өткізеді

  • 147
Арман Әшімов титулды жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Арман Әшімов (10-3-1) Шэньчжен қаласында (Қытай) өтетін M-1 Challenge 103 турнирінде титулды жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

M-1 Global компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл салмақта (56 келі) компанияның қазіргі чемпионы Александр Доскальчук жаттығу кезінде жарақат алып қалғандықтан, WKG & M-1 Challenge 103 турнирінде Крис Келадеске қарсы жекпе-жек өткізе алмайды.

Осылайша, чемпионды Арман Әшімов ауыстырды. Ол енді турнирде Келадеспен кездеседі.

Айта кетейік, Әшімов өткен жылы мамыр айында Доскальчукпен чемпиондық атақ үшін кездескен, алайда жекпе-жек кезінде алған жарақатына байланысты жеңіліп қалған.

Ал биыл наурыз айында Арман Әшімов Алматыда өткен M-1 Challenge 101 турнирінде Кайк Аленкарды жеңіп, жеңісті жолын қайта тапқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы