384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Антуан Гризманн «Барселона» ойыншысы атанды

  • 126
Антуан Гризманн «Барселона» ойыншысы атанды Sportbox

Франциялық шабуылшы Антуан Гризманн «Барселона» сапына ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы каталониялық клубтың ресми сайтында жарияланды.

28 жастағы футболшының «Барселонаға» ауысатыны жайлы көптен бері айтылып жүрген. Өткен маусым аяқтала сала мадридтік «Атлетико» сапынан кететінін мәлімдеген француз үшін «Барселона» 120 миллион еуро төледі.

Айта кетейік, Гризманн «Атлетикоға» 2014 жылы ауысып келген. Содан бері ол мадридтік команданың үздік ойыншыларының бірі болды.

Өткен маусымда ол 21 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.

Хабар 24 телеарнасы