389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трансферге ең көп қаржы жұмсаған қай клуб?

  • 180
Трансферге ең көп қаржы жұмсаған қай клуб? glavny.tv

Испаниялық «Барселона» соңғы бес жылда трансферге 1 млрд еуродан жоғары қаржы жұмсаған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голландиялық Voetbal International басылымының хабарлауынша, Антуан Гризманнды қатарға қосқан каталониялық клуб трансфер бойынша көп қаражат жұмсаған (1,08 млрд еуро).

Екінші орынға «Манчестер Сити» жайғасты. Англия клубы 996 миллион еуро жұмсаған. Үшінші болып «Манчестер Юнайтед» орналасты. «Қызыл сойқандардың» 2014/2015 маусымынан бастап трансферге 890 миллион еуро ақшасы кеткен.

«Барселонаның» қарсыласы мадридтік «Реал» сегізінші орында тұр. «Корольдік» клуб соңғы бес жылда 755 миллион еуро жұмсаған.

Хабар 24 телеарнасы