389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WBC рейтингі: боксшыларымыздың жағдайы қалай?

  • 362
  • UPD: 23:25, 13.07.2019
WBC рейтингі: боксшыларымыздың жағдайы қалай? Inbusiness.kz

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесінде жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов 19-сатыдан 17-орынға көтерілді. Ал Айдос Ербосынұлы 32-орында қалды.

Орта салмақ бойынша Геннадий Головкин көш бастап тұр. Мейірім Нұрсұлтанов бір саты жоғарылап, 24-орынға жайғасты. Жәнібек Әлімханұлы 26-орында.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Садриддин Ахмедов екі саты көтеріліп, 33-орында тұр.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев рейтингтегі өзінің орнын өзгертпеді (19-шы).

Жеңіл салмақта WBC International белбеуінің иегері атанған Виктор Коточигов үздік 40 боксшының (37-ші) қатарына енді.

Хабар 24 телеарнасы