388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің құрамасы Универсиаданы командалық есепте 25-орынмен аяқтады

  • 360
  • UPD: 18:11, 14.07.2019
Еліміздің құрамасы Универсиаданы командалық есепте 25-орынмен аяқтады

Италияның Неаполь қаласында жазғы спорт түрлерінен Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді.

Қазақстан құрамасы әлемдік жарысты жеті медальмен аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Универсиаданың соңғы жарыс күнінде су добынан ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Италия мен АҚШ командасы алтынға таласса, Ресей мен Венгрия қола жүлдегер атануға тырысады. Қазақстан атынан Универсиадада 94 спортшы бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша біздің команда жеті медаль жеңіп алды. Жалғыз алтын жүлдені дзюдодан абсолютті салмақта сынға түскен Ғалымжан Қырықбай иеленді. Бес спортшымыз жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Гимнасттар Нариман Курбанов пен Милад Карими, жеңіл атлет Михаил Литвин, таеквондошы Смайыл Дүйсебай және стенд атушы Зоя Кравченколардың еншісінде күміс жүлде бар. Сәрсенкүл Рысбекова стенд атудан қола жүлдегер атанды. Жалпы есепте Қазақстан 25-орында.

Хабар 24 телеарнасы