386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әбілхан Аманқұл жарақатына байланысты Президент кубогына қатыспайды

  • 458
Әбілхан Аманқұл жарақатына байланысты Президент кубогына қатыспайды

Бокстан Қазақстан командасындағы көшбасшы спортшылардың бірі Әбілхан Аманқұл елордада басталған Президент кубогы додасына қатыспайды.

Бұл туралы боксшының жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков хабарлады, деп жазады Olympic.kz.

«Әбілхан жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Сол себепті Президент кубогы додасынан сырт қалып отыр. Алдағы бір-екі күннің ішінде операция жасау мәселесі анықталады», – деп қысқа қайырды бапкер.

Команда дәрігері де бұл ақпаратты растап, боксшыны шұғыл емдеу басталатынын жеткізді. Дәрігердің айтуынша, Әбілхан жаттығу кезінде жарақат алып қалған. 

Еске сала кетейік, Әбілхан Аманқұл былтырғы Қазақстан біріншілігінің финалында сол жақ иығын жарақаттап алған болатын. Спортшы ұзақ мерзімді үзіліс алып, иығына операция жасатты. Жақында жарақатынан құлан-таза айыққан Әбілхан команда қатарына қосылып, Президент кубогы додасына дайындықты бастаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы