386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бокстан Президент кубогына арналған халықаралық турнир басталды

  • 310
  • UPD: 11:10, 17.07.2019
Елордада бокстан Президент кубогына арналған халықаралық турнир басталды

«Дәулет» спорт кешенінде керілген шаршы алаңда 13 елдің былғары қолғап шеберлері сынға түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жетінші мәрте ұйымдастырылған бокс бәсекесіне Қазақстаннан бөлек, Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сирия, Филиппин, Қырғызстан және Өзбекстан мен Тәжікстанның жұдырықты жігіттері келді. Ерлер сегіз салмақтың мықтысын анықтаса, бұрымды боксшылар бес салмақта қолғап түйістіреді. Жеңімпаздар екі мың доллар сыйақы алса, күміс пен қола жүлдегерлер тиісінше, 1000 және 500 жүз доллар еншілейді. Биылғы шаршы алаң бәсекесіне әлем чемпионы Қайрат Ералиев пен Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левит те қатысады. Жанкүйерлер Санатәли Төлтаев пен Абылайхан Жүсіповтың және Әбілхан Аманқұлдың да өнерін тамашалай алады. Ерік Әлжанов пен Қамшыбек Қоңқабаев та Президент кубогынан дәмелі жігіттердің бірі. Кеше Қазақстандық боксшылар арасынан Ілияс Сүлейменов пен Нұрбол Қалжанов алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтап, келесі кезеңге шықты.

Хабар 24 телеарнасы