386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» УЕФА чемпиондар лигасының алғашқы айналымында сүрінді

  • 214
«Астана» УЕФА чемпиондар лигасының алғашқы айналымында сүрінді

«Астана» УЕФА чемпиондар лигасының алғашқы айналымынан өте алмады.

ЧФР Клуж командасымен алаңға шыққан елордалықтар 1:3 есебімен жеңіліп қалды. «Астана» сапынан Роман Мұртазаев есеп ашқан. Алайда Румыния клубы үш доппен жауап қатты. «Астана» енді Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде жарысты жалғастырады. 25 шілдеде Роман Григорчук шәкірттері Андорраның «Санта-Колома» командасына қонаққа барады. Қарымта ойын 1 тамызда «Астана-аренада» өтеді. Еуропа лигасының екінші кезеңіне шығудан «Ордабасы» мен «Қайратта» үмітті. Шымкент командасы Грузияның «Торпедосына» қонаққа барса, алматылықтар «Широки Бриег» клубын қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы