385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевтың атына Халықаралық Олимпиада комитеті президентінен хат келіп түсті

  • 238
  • UPD: 13:30, 18.07.2019
Қ.Тоқаевтың атына Халықаралық Олимпиада комитеті президентінен хат келіп түсті Review.uz

Мемлекет басшысының атына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың құттықтау хаты келіп түсті.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбукте хабарлады.

«Мемлекет басшысының атына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың құттықтау хаты келіп түсті.

Аса ірі спорт ұйымының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымына тағайындалуына орай жылы лебіз білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Томас Бах Қазақстанның олимпиадалық қозғалыстағы белсенділігіне жоғары баға беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортқа деген ықыласын атап өтті.

Хатта ХОК-тің Қазақстан Үкіметімен және Ұлттық олимпиадалық комитетімен тығыз әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екені айтылған», - деді Берік Уәли.

Хабар 24 телеарнасы