Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте каратеден 16-шы Азия чемпионаты басталады.
Турнирге құрлықтың 33 мемлекетінен 340 спортшы қатысады. Бас бапкер Жасталап Санауов Ташкент төрінде бақ сынайтын қазақстандық спортшылар тізімін атады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер:
Мөлдір Жаңбырбай – 50 келі
Сабина Захарова – 55 келі
Мәдина Өтелбаева – 61 келі
Гузалия Ғафурова – 68 келі
Софья Берульцева +68 келі
Ерлер:
Андрей Ақтауов – 55 келі
Дархан Асаділов – 60 келі
Дидар Әмірәлі – 67 келі
Ермек Айназаров – 75 келі
Игорь Чихмарев – 84 келі
Данияр Юлдашев – + 84 келі.
Кумитеден командалық жарыс, әйелдер: Әсел Серікова, Гүлмира Үсенова, Аружан Мұхтар, Александра Будкина
Кумитеден командалық жарыс, ерлер: Руслан Есмаханбет, Ринат Сағындықов, Қайсар Алпысбай, Бейбарыс Жаңбыр, Нұрқанат Әжіханов, Арман Мұратбеков, Қаламбек Қапланбек.