386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ислам Байрамуков: Денис Тен өз атын тарих бетіне алтын әріптермен жазып кетті

  • 163
  • UPD: 20:18, 19.07.2019
Ислам Байрамуков: Денис Тен өз атын тарих бетіне алтын әріптермен жазып кетті

Бүгін еліміздің мақтанышы және бүкіл әлемге танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қылмыскерлер қолынан қаза тапқанына тура бір жыл болды.

Өзінің қысқа ғұмырында әлем чемпионы және олимпиада жүлдегері болып үлгерген спортшыны қала жұрты мен әріптестері оның ескерткішіне гүл қойып, еске алды. Еске сала кетейік, Денис Теннің құрметіне Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында 22 маусым күні ескерткіш орнатылған болатын. Ертең «Алматы Арена» мұз айдынында әлемге танымал мәнерлеп сырғанаушылардың қатысуымен «Денистің достары» атты думанды кеш өтеді.

Ислам Байрамуков, олимпиада жүлдегері:

- Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстаннан тұңғыш рет олимпиада ойындарының қола медаль иегері болды. Одан кейін өзім куәгер болғам, олимпиада ойындарынан келген кезде Елбасы өзі марапаттаған, құрмет орденінің иегері болды. Ол деген үлкен құрмет. Ол өз атын алтын әріптермен жазып кетті.

Хабар 24 телеарнасы