386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балалар үйінің тәрбиеленушісі Бексұлтан Талдыбаев әлем чемпионы атанды

  • 213
Балалар үйінің тәрбиеленушісі Бексұлтан Талдыбаев әлем чемпионы атанды

Алматы облысына қарасты №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Бексұлтан Талдыбаев әлем чемпионы атанды.

Небәрі он жастағы балдырған Мәскеуде джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында топ жарды. Салмағы 35 келіге дейінгі спортшылар арасында Бексұлтанға төтеп берер қарсылас табылмады. Аталған жарыста Бексұлтан төрт рет белдесіп, екеуін уақытынан бұрын, екеуін ұпаймен жеңген. Айта кетейік, жас спортшының джиу-джитсумен айналысқанына бір жыл болыпты. Өзі сияқты отыздан аса бала «Бәрі біздің қолымызда» атты әлеуметтік бағдарлама аясында тегін жаттығуға мүмкіндік алған. Бексұлтанның бір жылда жеткен жетістігі жаттықтырушыларды таң қалдырды. Осыған дейін бірнеше халықаралық жарыстарға қатысқан. Өткен жылы Абу Дабиде өткен әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетіпті.

Бексұлтан Талдыбаев, ACB JIU-JITSU тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы:

- Менің джиу-джитсуға қатысып жүргеніме бір жыл болды. Мен күрескенді өте қатты жақсы көремін. Алдағы жоспарым, тағы да чемпион болып, Қазақстанның туын желбіреткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы