Будапештте семсерлесуден әлем чемпионатының ширек финалдық кездесулері аяқталды.
Жартылай финал жолдамасы үшін тартыста Курбанов Игорь Рейзлинмен кездескен болатын. Тең дәрежеде өткен кездесуде 15:12 есебімен украиналық спортшы жеңіске жетті. Осылайша, Руслан Будапешттегі әлемдік сынды сегізінші орынмен аяқтап отыр. Бұл біздің спортшы үшін үлкен жетістік, өйткені, былтыр Усиде (Қытай) өткен әлем біріншілігінде Курбанов небары 42-орыннан көрінген болатын.
Биыл Руслан Курбанов Токиода өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Шпагашылар бәсекесінде бақ сынаған Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов және Эльмир Алимжановтар тиісінше тоғызыншы, 23 және 85-орынға тұрақтады. Енді шпагашылар 21 шілде күні өтетін командалық сында өнер көрсетеді.
Ақпарат көзі: olympic.kz