385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін үш боксшының есімі белгілі болды

  • 242
Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін үш боксшының есімі белгілі болды

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің айтуынша, DAZN стриминг сервисі Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға үш үміткерді қарастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар – украиналық боксшы Сергей Деревянченко, бірінші орта салмақтағы WBO чемпионы, мексикалық Хайме Мунгия және орта санаттағы WBA (Regular) белбеуінің иегері жапондық Риота Мурата. Дегенмен осының ішіндегі ең мүмкіндігі көп үміткер – Сергей Деревянченко. Онымен GGG IBF әлем чемпионы титулы үшін айқаса алады. Бұл титул жақында босап қалуы мүмкін, себебі қазіргі белбеу иесі Сауль Альварес оны қайтадан қорғауға ниетті емес. Бұл жағдайда IBF мексикалық боксшыны титулдан айырып, оны Головкин – Деревянченко айқасының жеңімпазына береді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин рингке 14 қыркүйекте оралады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы