386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назым Қызайбай Президент Кубогінде чемпион атанды

  • 167
  • UPD: 16:11, 20.07.2019
Назым Қызайбай Президент Кубогінде чемпион атанды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Президент кубогінде 51 келіде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол финалда тағы бір қазақстандық боксшы Жайна Шекербековдан басым түсті. Екеуі бір-бірімен жақсы таныс. Шеберлік деңгейін жақсы біледі. Назым өзінің дайындығы жоғары екенін танытты. Қыздар арасындағы жекпе-жектерде 57 келі салмақта да жеңімпаз анықталды. Бұл салмақта қазақстандық Айжан Қожабековамен қолғап түйістірген ресейлік Дарья Абрамова жеңіске жетті. Нәтижесінде ол жеңімпаз тұғырына көтерілді. Сондай-ақ 60 келіде тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Римма Волосенко үндістандық Парвинді жеңіп кетті. 69 келіде Дариға Шәкімова да чемпион атанды. Ол финалда қытайлық Ян Лиді тізе бүктірді. Қазақстандық боксшы Надежда Рябец 75 келіде ресейлік Елена Гапешинадан айласын асырды.

Хабар 24 телеарнасы