Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейбіт Назаров Мартин Браунмен қарымта жекпе-жек өткізеді

  • 163
  • UPD: 21:00, 20.07.2019
Бейбіт Назаров Мартин Браунмен қарымта жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Бейбіт Назаровтың (15-4) келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды. 

Бұл туралы «Titan FC» ұйымы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Қазақстандық спортшы 23 тамыз күні Флорида штатында өтетін TITAN FC 56 турнирінде октагонға оралады. Назаров кештің басты жекпе-жегінде компанияның жеңіл салмақтағы (70 келі) чемпионы америкалық Мартин Браунмен (13-5) реванш өткізеді.

Айта кетейік, өткен жылы желтоқсан айында өткен TITAN FC 51 турнирінде Назаров пен Браун компанияның вакантты белдігін сарапқа салған. Ол жекпе-жекте Назаров жеңілген болатын.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы