386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Махмұт Сабырхан Президент кубогінің үздік боксшысы атағын иеленді

  • 180
  • UPD: 22:21, 20.07.2019
Махмұт Сабырхан Президент кубогінің үздік боксшысы атағын иеленді

Нұр-Сұлтанда бокстан Президент кубогі додасы өтті. Бірнеше салмақ бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Ал турнирдің ең шебер боксшысы атағы Махмұт Сабырханға берілді деп жазады Olympic.kz. 

52 келіде жұдырықтасқан Махмұт финалда Сәкен Бибосыновқа есе жіберді. Десе де, төрешілер алқасы ең үздік боксшы атағына Махмұт Сабырханды лайық деп тапты.  Айта кетелік, ерлер арасындағы екі финалдық кездесу өткізілген жоқ. 63 келідегі Зәкір Сафиуллин жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартып, үндістандық Шива Тапа жарыс жеңімпазы деп танылды.  Сондай-ақ 81 келідегі ақтық сын Бекзат Нұрдәулетовтың жарақатына байланысты өткен жоқ. Бұл салмақта Ерік Әлжанов жеңімпаз атанды.

Хабар 24 телеарнасы