386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы спорт алаңдары жаппай жөндеуден өтеді

  • 173
  • UPD: 10:50, 21.07.2019
Оралдағы спорт алаңдары жаппай жөндеуден өтеді

Орал қаласындағы спорт алаңдары жаппай жөндеуден өтеді.

Бұл мақсатқа «Орал» спорт клубына жергілікті бюджеттен 20 миллион теңге бөлінді. Қыркүйекке дейін 31 нысанды қалпына келтіру көзделген. Клубтың балансында 50-ден астам алаң бар. Олардың басым бөлігі осыдан бес-он жыл бұрын салынған. Тиісті күтім мен бақылау болмағандықтан, бұзақылардың бүлдіріп тастағандары да аз емес. Бұл мәселеге тұрғындардың шағымы бойынша «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі назар аударған еді. Нәтижесінде қажетті қаржы көзі табылды. Бұдан басқа балалардың 250-дей ойын алаңдары да келешекте жөндеуді қажет етеді.

Есқабыл Жалмұрзиев, «Орал» спорт клубының директоры:

– Пайдаланғасын тозады, тозғасын жөндеу қажет аралап қарап, ақаулар ведомостін жасап, қаражатты әкімшіліктен сұрадық. Биыл бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы