386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда жаңа үлгідегі балалар спорт алаңы ашылды

  • 162
Таразда жаңа үлгідегі балалар спорт алаңы ашылды

Тараз қаласының 11-мөлтек ауданында жаңа үлгідегі балалар спорт алаңы ашылды.

Бұл – паралимпиадалық жүзуден әлем чемпионы Зүлфия Ғабидуллинаның шаһар тұрғындарына тартқан сыйы. Мұнда баскетбол, шағын футбол ойнап, әткеншек тебуге болады. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Жаңа алаңды жасақтау үшін танымал спортшы 4 млн теңге көлемінде қаржы жұмсапты. Айта кету, соңғы жылдары облыстың дамуына кәсіпкерлер мен меценаттар белсенді үлес қосып келеді. Биыл өңірде «Туған жер» бағдарламасы аясында 52 жоба сәтті жүзеге асқан. Нәтижесінде, жаңа мешіт, балабақша және спорт алаңдары пайда болды.

Зүлфия Ғабидуллина, паралимпиадалық жүзуден әлем чемпионы:

– Балалар алаңын қайта қалпына келтіру көршілерімнің өтініші болатын. Өйткені ол әбден тозып, сынып тұрған еді. Ал балалардың ойнайтын жері болмай қалды. Тіпті доп тепсе де, жақын маңдағы көліктерге тиіп, терезелерін сындыруы мүмкін. Сөйтіп бұл істі қолға алдық. Нәтижесінде, шағын спорт алаңы пайда болды.

Хабар 24 телеарнасы