386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баландин Токио Олимпиадасына екінші жолдамасын алды

  • 215
  • UPD: 13:45, 21.07.2019
Баландин Токио Олимпиадасына екінші жолдамасын алды

Кванджуда өтіп жатқан әлем біріншілігінде өнер көрсеткен қазақстандық су спорты түрлерінің өкілдері табысқа кенелуде.

Мысалы, Дмитрий Баландин брасс әдісімен жүз метрге жүзуде жартылай финалға жолдама алып, оған қоса дәл осы қашықтықта Токио олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Демек Дмитрий кемінде екі қашықтықта олимпиада медальдарын сарапқа салады. Кванджудағы бәсекеге келсек, Дмитрий іріктеу сынын алтыншы болып аяқтады. Уақыт көрсеткіші – 59 да жүзден 56 секунд. Яғни олимпиадалық талаптан әлдеқайда жылдам өтті. Әзірше бірінші орында ағылшын Адам Пити тұр. Одан кейін Илья Шиманович пен Ясухиро Косеки орналасты. Жартылай финал ертең өтеді. Естеріңізде шығар, осыдан сәл бұрын Champions Swim Series жарысында ол екі жүз метрге брасс әдісімен малтуда тағы бір жолдама ұтып еді. Баттерфляй әдісімен 50 метрге жарысқан Әділбек Мусин өз қарсыластарының арасынан екінші келді. Уақыт нәтижесі – 23 те жүзден 34 секунд. Бірақ Әділбек жартылай финалдан сырт қалды. Дегенмен өзіндік нәтижесін жақсартып, Қазақстан рекордын жаңартты.

Хабар 24 телеарнасы