385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық каратеші Азия чемпионы атанды

  • 190
Қазақстандық каратеші Азия чемпионы атанды prosports.kz

Каратеден Қазақстан командасы Азия чемпионатынан үш медаль жеңіп алды.

55 келіде сынға түскен Андрей Ақтауов барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Турнир барысында Ақтауов Камбоджа, Иран, Малайзия және Сауд Арабиясы спортшыларын жеңген. 

67 келіде ел намысын қорғаған Дидар Әмірәлі финалда жапониялық Хирото Шинохараға есе жіберіп, құрлық додасының күмісіне қол жеткізді. Дидар Бахрейн, Сауд Арабиясы, Тайланд және Иордания каратешілерін жарыс жолынан шығарған болатын. 

68 келіден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева ақтық сында ирандық қарсыласына жол беріп, күміс медальді қанағат тұтты. Ол шешуші кездесуде 2:4 есебімен Хамеди Абасалиден ұтылды. 

«Биылғы Азия чемпионатының нәтижесі былтырғымен салыстырғанда жақсырақ. Өйткені, бұл лицензиялық біріншілік. Жарыс нәтижесі олимпиадалық рейтинг түзілгенде есепке алынады. Әрине, Дархан Асаділовтің жүлдесіз қалғаны өкінішті. Бірақ ол рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалады», - дейді бас бапкер Жасталап Санауов. 

Ақпарат көзі: olympic.kz

 
 
Хабар 24 телеарнасы