386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық ватерполшылар әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

  • 213
Отандық ватерполшылар әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді olympic.kz

Кванджуда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда.

Су добынан ерлер арасындағы сында Қазақстан командасы алғаш рет жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.  Қазақстандықтар Оңтүстік Кореямен кездесіп, 17:4 (4:1, 4:2, 7:0, 2:1) есебімен басым түсті. Бұл Шведов шәкірттерінің Кванджудағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін біздің команда Хорватия, Австралия және АҚШ-қа есе жіберген болатын.  Келесі кездесу Қазақстан мен Бразилия арасында өтеді. Екі команда 13-ші орынға таласады.  Матч 23 шілдеге жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы