386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мбаппе жалақысы ең жоғары футболшы атанды

  • 183
Мбаппе жалақысы ең жоғары футболшы атанды Prosports.kz

Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе ПСЖ сапында қалады, деп хабарлайды Prosports.kz

Аталмыш клуб 20 жастағы шабуылшыға жалақысы жылына 50 млн еуро болатын жаңа келісімшарт ұсынды. Осылайша, Мбаппе әлемнің жалақысы ең жоғары ойыншысы атанбақ.

Футболшы да твиттердегі парақшасында ПСЖ жейдесіндегі фотосын жүктеп, астына клубтың ұраны мен 19/20 сандарын жазған. Жанкүйерлер бұл жазудан кейін Мбаппенің келесі маусымды Парижде өткізетінін тұспалдауда.

Бұған дейін Мбаппенің «Реал» сапына 2020 жылы ауысатынын жазған болатынбыз.

Мбаппе өткен маусымда ПСЖ жейдесінде 43 рет алаңға шығып, 39 гол соғып, 17 рет нәтижелі пас берген. 

Хабар 24 телеарнасы