386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тобыл» футбол клубының бас бапкері отставкаға кетті

  • 194
«Тобыл» футбол клубының бас бапкері отставкаға кетті

«Тобыл» футбол клубының бас бапкері Владимир Газзаев жұмысынан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, мұндай шешім бүгін қабылданып отыр. «Қостанайлық клубтың тізгінін ұстаған Владимир Газзаев өз еркімен отставкаға кетті. Сонымен қатар оның көмекшісі Николай Латыш та жұмысын тапсырды.

«Тобыл» ФК Владимир Газзаев пен оның бапкерлік штабына алғыс айтады», – дейді клубтың баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, ресейлік маман «Тобылға» маусымның басында келген болатын.

Хабар 24 телеарнасы