386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды

  • 196
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (6-0, 2 КО) келесі жекпе-жегінде кездесетін қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы 17 тамыз күні Лос-Анджелесте шаршы алаңға шығады. Қарсыласы канадалық боксшы Стюард Макклелан (27.3.3. 11КО) болмақ.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуірде Лос-Анджелес қаласында өткен жекпе-жегінде мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.

Хабар 24 телеарнасы