386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннис: Елена Рыбакина Бухарест турнирінің жеңімпазы атанды

  • 354
Теннис: Елена Рыбакина Бухарест турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест WTA турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған Е.Рыбакина финалда румыниялық Патриция Мария Тигпен кездесті. Бұл қазақстандық теннисшінің өз спорттық жолындағы WTA жарысындағы алғашқы финалы еді. Қарсыласы, 24 жастағы румыниялық спортшы жарақаты мен сәбилі болуына байланысты 18 ай үзілістен кейін кортқа шыққан болатын. Ол іріктеу сайыстарын сәтті өткізіп, негізгі додаға қосылған-ды.

Бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасап, өз геймін алды – 3:1. Бұдан кейін де ол тағы бір брейкке қол жеткізіп, қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:2. Екінші сетте қазақстандық теннисші 4:0 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 5:0. Ақыры Рыбакина қарсыласына бірде-бір гейм бермеді – 6:0.

Финалдық бәсеке 1 сағат 5 минутқа созылды.

Осылайша 20 жастағы Е.Рыбакина жүлде қоры 226 750 АҚШ долларына бағаланған жарыстың жеңімпазы атанды. Бұл оның WTA турниріндегі алғашқы жеңісі еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Бухарест жарысының, Александр Бубликтің Ньюпорт турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы