384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы спорт академиясы МЖӘ аясында ашылды

  • 255
  • UPD: 09:06, 22.07.2019

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әлеуетін арттыру  қажет. Бүгінде бұл саладағы жоба құнының 90 процентін мемлекеттің  міндеттемелері құрайды.

Үкімет жергілікті бюджетке түсетін жүктемені, жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін  сонымен қатар міндеттемелердің орындалуын қатаң бақылауға алуы тиіс. Бұдан былай мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл  жұмыстар қадағаланады.  

Қостанайдағы күш қолданылатын спорт түрлері академиясы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында ашылған. Мұнда екі жылдан бері жастар пауэрлифтинг, ауыр атлетика және армрестлингпен шұғылданып келеді. Ондағы жасалған жағдай  еуропалық стандарттарға сәйкес. Құрал жабдықтар да жеткілікті. Ал спорттық жиындарды Қазақстанның ересектер мен жасөспірімдер құрамасы  өткізеді. Академияның есігі әуесқойлар үшін де ашық.

Сергей Корщиков, ауыр атлетикадан жаттықтырушы:

- Академияға ұлдар да, қыздар да келеді. Олар мұнда тегін жаттығады. Біз олардың ата-аналарын да спортпен айналысуға үндейміз. Себебі күш қолданылатын  спорт түрі аса  танымал емес. Осыған байланысты балаларымен келіп, тегін қатысуға кеңес береміз. Бізде спортсүйер көпшілікке қажеттінің зал, жабдықтар, жаттығу құралдары дейсіз бе бәрі бар.

Бұған дейін инвесторлар денсаулық сақтау мен білім беру жүйесіне қызығушылық танытып келсе, енді коммуналдық қызмет, тұрғын үй, байланыс салаларына да басымдық бере бастады. Десе де,  кәсіпкерлер қазына қаржысын пайда көзі деп қарамауы тиіс. Оған қоса, мемлекеттік міндеттемелерді азайту жағы тағы бар. Мемлекет басшысы  екі арада әріптестік орнатуда осы жайттарға назар аударуды тапсырды. Енді аталған мәселелер қадағалауға алынбақ. 

Дәрбоз Әбдіхалық, қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік орталығының сарапшысы:

- Қазіргі уақытта біздің қазіргі бағытымыздың бірі мемлекеттік қаржыдан емес, ақша инвестордың былайша айтқана өзінің шығыны көрсетілетін қызметтерден және көрсетілетін қызметтердің тарифінен өндірілетін болады. Былайша айтқанда саннан сапаға өту.   

Елімізде соңғы 4 жылда  мемлекет пен бизнес бірлесіп, құны 1 трлн теңгеден асатын 564 жобаны  жүзеге асырды. Биылдың өзінде 50-іне қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы