385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есту қабілетінен айырылған астаналық шахматшы Еуропадан қола медальмен оралды

  • 145
  • UPD: 11:20, 22.07.2019
Есту қабілетінен айырылған астаналық шахматшы Еуропадан қола медальмен оралды

Есту қабілетінен айрылған астаналық шахматшы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Шахматтан Еуропа чемпионаты Украинаның Львов қаласында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15-21 шілде күндері өткен Еуропа чемпионатына 20 елден 200-ге жуық есту қабілетінен айрылған шахматшы қатысты. Оның ішінде Беларусь, Хорватия, Чехия, Эстония, Англия, Германия, Голландия, Израиль, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова, Румыния, Португалия, Польша, Сербия, Словения, Словакия, Швеция, Швейцария елдері бар.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы мүгедек жандарға арналған спорт мектебінің түлегі Әлия Мұратова шахматтан Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Әлия спорт шеберіне кандидат, биыл өткен шахматтан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Соңғы 4-5 жыл бойы республикалық және халықаралық түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. Әлияны 7 жыл бойы елімізге танымал шахмат жаттықтырушысы Сағымбай Дәуренбеков тәрбиелеп келеді. Тағы бір айтып өтетін жайт, Еуропа чемпионаты әлем чемпионатына жолдама алып, онда нәтижелі ойын көрсетуге тікелей ықпал етеді», - деді елордалық мүгедек жандарға арналған спорт мектебінің баспасөз хатшысы Карина Дүйсенова.

Елордалық спорт мектебі өкілінің сөзіне сенсек, Ә. Мұратова үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Италияда өтетін халықаралық қысқы сурдлимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы